Ақтөбеде 10 жастағы бала суға батып кетті
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында жан түршіктірер оқиға орын алды. Бүгін Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті.
2014 жылы туған бала ауыл жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды. Бұл жөнінде Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаев айтты.
Айтып өтейік, көктемгі су тасқыны басталған тұста Ақтөбенің Байғанин ауданы Ебейті ауылында 4 жасар бала көз жұмды.
Қазіргі кезде аудан әкімдіктері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.