Әлеумет

Биыл Қазақстанда 150 мыңнан астам ұстаз онлайн-сынақ тапсырады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді

Оқу-ағарту министрлігі биыл Қазақстанда «Ұстаз» атты онлайн-платформа арқылы 150 мыңнан астам мұғалім аттестаттаудан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jarialike.kz.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде кезең-кезеңімен «Ұстаз» платформасы енеді. Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді. 2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деген болжам бар, — деп хабарлады ведомство.