Ерке Есмахан бала тәрбиесімен үйде отырудан жалыққанын айтты
«Домашняя әйел» болдым дейді.
Madeniportal.kz мәліметінше, әнші Ерке Есмахан кезекті сәбиін өмірге әкелген соң шығармашылыққа ден қоймақ.
– «Әйелдің бақыты отбасы» деген әнді көп айтып қойғаным сонша, таза «домашняя әйел» болдым. «Айтқан сөз аффирмация» деген осы ғой. Шүкір! Сол үшін жақсы сөзге жақын болайық, ол біздің өмірімізге айналады. Босанып алған соң жаңа ән жазу керек болды. Қандай нұсқалар бар? Тағы көтеріп қоймас үшін ән айтуға идея тастаңыздар, – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.