Күн-Жария

Түркия Украина мен Ресей арасындағы келіссөзде араағайындық жасауға дайын

Ердоған ақпан айында Владимир Зеленскийді Анкарада қабылдаған болатын.

Inbusiness.kz сайты ақпаратынша, Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Лондондағы саммитте Анкараның Ресей мен Украина арасында бейбіт келіссөздер өткізу ұсынысын қайта көтереді деп күтіліп отыр.
BBC News жазуынша, 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Түркия алғашқы келіссөздерге бастамашы болды. Осылайша Қара теңіз арқылы астықтың қауіпсіз транзиті туралы келісімге қол қоюға жәрдемдесті.
Саммитке дайындық барысында Хакан Фидан ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. Ал Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ақпан айында Владимир Зеленскийді Анкарада қабылдаған болатын.
Түркия – НАТО-дағы әскер саны бойынша екінші орында тұрған ел.