Өскеменде қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Полиция мұны растады.
Шақалақтың денесін куәгерлер 23 ақпан күні қоқыстан тауып алып, полицияға хабар берген. Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
- Жедел шаралар барысында жаңа туған нәрестенің анасы анықталды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.