UNSIZ QALMA

Семейде оқушыны жабылып ұрған 3 баланың әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

Әлімжеттіктің түр-түрін көрсеткен.

Inbusiness.kz ақпаратынша, Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өткен             
– Қазір кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберіледі. Онда олармен психологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, жеткіншектер қоғамнан уақытша оқшауланып, олармен түзету жұмыстары жүргізіледі, – дейді Департамент бастығының орынбасары Ернар Базаров.
Оның айтуынша, 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылып, 2 балаға қатысты қамқоршылық тоқтатылды.