Мәзір
24 ақпан, 2025 / JariaLike / Спорт

Бүгін Болгарияда «Странджа» турнирі басталады

«Кіші әлем чемпионатына» кіл мықтылар келді деп жатыр.

Бүгін Болгарияда «Странджа» турнирі басталады Бүгін Болгарияда «Странджа» турнирі басталады
Фотосурет Sn.kz сайтынан

Kazinform ақпаратынша, ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, биыл қазақстандық боксшылар Испания мен Сербияда өткен халықаралық турнирлерде үздік нәтиже көрсетті.
Көпшілік «Странджа» турнирін «кіші әлем чемпионаты» деп атайды. Аталған жарысқа биыл Алжир, Қытай Тайпейі, Хорватия, Ұлыбритания, Уэльс, Франция, Өзбекстан, Грекия, Мажарстан, Моңғолия, Косово, Словакия, Түркия және Болгария қатысады деп күтілуде.
Ел құрамасы сапында жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан, Париж Олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбай, Париж Олимпиадасының қатысушылары — Айбек Оралбай, Махмұд Сабырхан мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов және өзге де тәжірибелі боксшылар ойын көрсетеді.
Халықаралық турнирге қазақстандық боксшылар 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында отандық боксшылар 12 алтын, 16 күміс, 28 қола медаль жеңіп алған. 

Айта кетейік, «Странджа» турнирі ақпанның 24-і басталып, 2-ші наурызға дейін жалғасады.

Көп оқылды: