Ақтөбеде оқушылар жаппай тәттіден уланып, ауруханаға түсті
Бүгін ауданға білікті дәрігерлер барды.
Inbusiness.kz ақпаратынша, Ақтөбе облысында 4-сыныптың 23 оқушысы улану белгілерімен шұғыл түрде ауруханаға түсті.
Оқиға 18 ақпанда Қобда ауданы, Қобыланды батыр атындағы орта мектепте болған.
– Барлығы 23 бала ауруханаға түсті. Сөздеріне қарағанда бір бала белгісіз бір тәттіні мектепке апарып жейді. Ол тәттіні 7 бала жеген. Өзге балаларда кері әсерін берді. Көздері жасаурады, денесі қышып, мазасызданды. Дәрігерлер тексеріп, барлығы 7 баланың асқазанын шайған. Сол күні 2 баланы ата-анасы үйіне алып кетеді. Бүгін ауданға білікті дәрігерлер барды. Олар балаларды тағы бір қарап шықты. Барлығы 9 баланы қалдырды, ертең үйіне шығарылады, – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.