ШҚО-да баланы тікұшақпен ауруханаға жеткізді
Бұл төтенше жағдайлар кезінде ең жедел тәсіл саналады.
Мәлім болғандай, науқас пен оның анасы Үлкен Нарын ауданынан Өскеменге ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағымен жеткізілді.
Баланы медициналық мекемеге жедел тасымалдауға «Eurocopter EC -145» тікұшағының ұшқыштары Станислав Водолеев пен Әлібек Түсіп, балалар реаниматологы Рафаил Хамитов пен фельдшер Назым Бейсенбаева қатысты.
Науқастарды әуе арқылы тасымалдау төтенше жағдайлар кезінде ең жедел тәсіл саналады.
Төтенше жағдайлар департаменті ұшқыштары мен дәрігерлер тапсырманы кәсіби түрде орындап, бала мен анасын Өскемендегі медициналық мекемеге аман-есен жеткізді.