Аймақ

Іздеуде жүрген Ақтау әкімінің экс-орынбасары ұсталды

Шекараны заңсыз кесіп өткен көрінеді.

Ақпаратпен Madeniportal.kz порталы бөлісті. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, бұрынғы шенеунік Тимур Сәдуақасов мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстанның шекара қызметі тарапынан ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Қазақстан тарапы әкімнің экс-орынбасарын экстрадициялау үшін тиісті материалдар дайындап жатыр.
Тимур Сәдуақасовқа алаяқтық жасады және аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген айып тағылған.