Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
Енді Шығыс Қазақстан облысын басқармайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған, яғни Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген.
C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.