Азия ойындары. Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті!
Фристайл-акробатика бойынша құрлықта бәсеке қызып тұр.
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 2-i3 алтын медаль түсті7
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы 97,92 ұпай жинап, топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті .
93,48 ұпай жинаған Қытай екінші орынға, 91,57 ұпай алған қытайлық тағы бір жұп үшінші орынға жайғасты. Қазақстандық Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 балл жинап, төртінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, ел құрамасы бұл спорт түрінен Азия ойындарында бұрын-соңды алтын медаль алмаған. Бұл тарихи жүлде! Жігіттер Азия рекордын жаңартты және Олимпиада чемпиондарының алдын орады!