Спорт

Өскемендік хоккейшілер салған голдар Ұлттық құрамаға жеңіс әперді

Қарсыластар есеп ашқан болатын.

Қысқы Азия ойындарының қызған шағы. Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде соңғы матчын өткізді.
Шешуші ойында Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасты. Қарсыластар тарапынан Кан Ю-Сёк ойынның бірінші кезеңінде есеп ашты. Сосын қазақстандықтардан Артем Лихотников (Өскемен)Тартысқа толы матчта отандастарымыз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Үшінші кезеңнің соңғы минуттарында өскемендік Роман Старченко Евгений Рымарев пасынан соң жеңіс шайбасын соқты. 
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі ойындарын жеңіліссіз өткізіп, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты.