Күн-Жария

«Жетіскен екенсіңдер». Бір топ адамның тойда жасаған ерсі әрекеті елдің жағасын ұстатты

Бұл әрекетті желі қолданушылары аса қолдай қоймапты.

Тойлардың бірінде екінші қабатта тұрып, жұрттың үстіне ақша шашқандардың әрекеті жұрттың ашуын туғызды. Бұл туралы madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Видео әлеуметтік желіде бірден тарап кетті. Онда үш-төрт адамның ақша лақтырып тұрғанын көруге болады.
Олардың бұл әрекетін желі қолданушылары қолдай қойған жоқ.
– «Қолымен таратса да болар еді», «Мақтанудың шегі», «Құтырғандар, бәрінің сұрауы бар ғой», «Жетіскен екенсіңдер», «Ақшаның да киесі болады», «Ой, масқара, мақтаншақтар», «Бұл енді шектен шығу. Дарақылық», – деп жазды желі қолданушылары.