Мәзір
9 ақпан, 2025 / JariaLike / Спорт

Қазақ қызы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

12 минут 07.5 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Қазақ қызы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды Қазақ қызы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: Синьхуа

Қытайда туып-өскен, ұлты қазақ спортшы Баян Жалынқызы IX қысқы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі.
Қазақ қызы шаңғы жарысынан әйелдер арасында 5 шақырымға сырғанаудан (еркін стиль) 12 минут 07.5 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Сондай-ақ, Қытай құрамасының спортшысы Динигер Иламужан күміс еншілесе, тағы бір қытайлық спортшы Чы Чуншуэ қола жүлдегер атаны.

Айта кетерлігі, осы жарысқа қазақстандық спортшылар Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина және Ангелина Шурыга қатысты.

Қортындысында Надежда Степашкина мәре сызығын бесінші кессе, Ксения Шалыгина жетінші, Ангелина Шурыга мен Дарья Ряжко сегізінші-тоғызыншы орыннан көрінді.

Еске сала кетейік, қытайлық қандасымыз Самғар Серікұлы кеше ерлер арасында шаңғымен сырғанаудан спринт бағдарламасында қола жүлде жеңіп алған болатын.

Баян Жалынқызы ҚХР Алтай аймағы Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол Шаңғы спорты түрлері бойынша Қытай ұлттық құрамасына қабылданып, Бейжің қысқы Олимпиадасында өнер көрсетті.

 

Көп оқылды: