Мәзір
9 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Тарихи алтын! Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

Бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азиа ойындарындағы алғашқы алтыны.

Тарихи алтын! Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды Тарихи алтын! Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасы ерлер арасында 5000 метрден командалық эстафетадан чемпион атанды. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов жарыс жолына шықты.

Бастапқыда отандастарымыз үшінші орынды сақтады. Соңғы айналымдағы бұрылыста Корея құрамасының спортшысы қытайлық спортшымен соқтығысып, қазақстандық спортшы мәре сызығын бірінші болып кесті.

Айта кетейік, бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азиа ойындарындағы алғашқы алтыны. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы осы спорт түрінен Азиадада тұңғыш рет алтын алып отыр.

Осыған дейін, Қазақстан қыздар құрамасы 3000 метрге эстафетадан күміс алды.

Еске сала кетейік, шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас командалық эстафетадан ел қоржынына алғашқы күміс жүлде салған болатын.

 

Көп оқылды: