Мәзір
7 ақпан, 2025 / JariaLike / Спорт

Азия ойындарының ашылуы салтанатын қайдан көруге болады?

Әділ Бекетаев пен Ольга Тихонова ту ұстап шығады.

Азия ойындарының ашылуы салтанатын қайдан көруге болады? Азия ойындарының ашылуы салтанатын қайдан көруге болады?
Фотосурет ElordaInfo.kz сайтынан

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Ақ азиаданың шымылдық ашар сәтін Qazsport телеарнасы ⏱16:55-те тікелей эфирде көрсетеді. Азия ойындарында Қазақстанның көк байрағын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шығады.   
Сайыстар басталып та кетті, кіл мықтылардың бабы таразыланып жатыр. Шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан финалға жолдама алса, Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қытайлық Тайбэйді қапы қалдырды.   
Азия ойындарында 34 ел спорттың 11 түрі бойынша 64 медаль жиынтығы үшін барын салады. Оның ішінде конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, фристайл, сноуборд, ски-альпинизм және хоккей секілді спорт түрлері бар. 
Қазақстан құрамасы сноуборд сайысынан басқа 10 спорт түрі бойынша 51 медаль жиынтығы үшін жүлдеге таласады. Ұлттық құрама сапындағы 137 спортшы ел намысын қорғайды. 
Спорттық жарыстар Қытайдың Харбин мен Ябули қалаларында 7-14 ақпан аралығында өтеді. 14 ақпанға дейін қысқы Азия ойындарын Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы және Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар!

Көп оқылды: