Күн-Жария

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Мемлекет басшысына халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.

Kazinform мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды компаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды. 
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.