Жалпы төленген сомма – 888,8 млн доллар. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды. Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 доллар бөлінген. Бұл қаражат 18 жасқа дейінгі балаларға аударылады. Жыл сайынғы аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты болады. Қаражаттың жартысы осы табыстан бөлінеді. Сонымен қатар, балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі. Бағдарлама іске қосылған екі жыл ішінде әр балаға жалпы 232,94 доллар жинақталды. 2025 жылғы 31 қаңтарда осы ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және кіds.еnpf.кz сайтынан алуға болады.