Мәзір
29 қаңтар, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

«Ауызыңа абай бол!». Қазақстанды «штрафстан» деген Перуашев оңбай қателескен екен

Тоқаев елді мазақ қылатындарға ескерту жасаған еді...  

«Ауызыңа абай бол!». Қазақстанды «штрафстан» деген Перуашев оңбай қателескен екен «Ауызыңа абай бол!». Қазақстанды «штрафстан» деген Перуашев оңбай қателескен екен
видеодан скриншот

Депутат Азат Перуашев алдында ғана Қазақстанды «Штрафстан» деп айтқаны ағаттық болғанын мойындады, - деп хабарлайды Jarialike.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды мазақ қылуға бейім азаматтарға қатаң ескерту жасап, бұл үрдістің күшейіп бара жатқанын айтты. Сондай-ақ, тіпті кейбір депутаттардың да елді түрлі атаулармен келемеждеуге көшкенін сынға алды.

Сәтсіз термин қолдандым. Бұл бізге парламентте ресми тіл қолдану керек екеніне сабақ болды, – деді Перуашев.

Сонымен қатар, президенттің кешегі ескертпесі орынды екенін айтты.  

Перуашевтан кейін депутат Асхат Аймағамбетов те өзінің телеграмдағы жазбасында "Тіпті "штрафстан" деп аталатын эмоционалды әрі өткір жаңа сөз пайда болды. Бұл термин айыппұлдарға наразы болып, оларды әділетсіз немесе тек бюджет толтыру үшін қолданылады деп санайтын адамдардың пікірін білдіреді", деп жазған еді.  

Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін-өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе, – деді Тоқаев.

 

Көп оқылды: