Аймақ

Алматыдан 316 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Ел аумағында сезілген жоқ.

24.kz ақпаратына сенсек, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Сейсмологиялык зерттеу институтының мәліметінше, 07 сағат 09 минутта жер дүмпуі болды. Қазақстан аумағында сезілген жоқ.