Күн-Жария

Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

Оның үстінен ұлтаралық араздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған

Қазақстандық журналист және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды. Оның үстінен ұлтаралық араздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 – Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлады полициядан.

Журналист қазір басқа елде тұрып жатыр. 

Еске салайық, 2024 жылдың сәуірінде Алматы полициясы қоғам белсендісі Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. 

Ол Instagram-дағы stories-і арқылы басқа біреудің атына әдепсіз сөздер жазып жариялады.