Аймақ

Алматы әуежайына түкірген Қытай азаматы ұшаққа жіберілмеді

«Алматы-Шымкент» бағытымен ұшпақ болған қытайлық жауапқа тартылды.
 

Ресми ақпаратты jurtmedia.kz сайтына Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Анықталғандай, Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Шымкент рейсі бойынша ұшпақ болған шетел азаматын ұстады. Тергеу барысында 34 жастағы Қытай азаматы жөнелту залындағы қоғамдық орынға түкіріп, сол арқылы өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық аумақты ластағанын анықтады. Құқық бұзушы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (Т19 660) көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ рейстен шығарылды», — делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жыл басталғалы Көліктегі ІІД түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5249 құқық бұзушыны, оның ішінде 499-ы қоғамдық аумақтарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.