Данияр Қасқарауов: «Келімсектерден үнемделген қаржы ауыл спортына жұмсалуы керек»
Үнемделген қаражатқа спорт базаларының салынуын орынды санайды.
Qaz.ulyssport.kz сайтының 24кз арнасына сілтеме жасап ұсынған ақпаратында депутат Д.Қасқарауовтың легионерлерден үнемделген қаржыны ауыл балаларына жағдай жасауға жұмсау қажеттігін алға тартқаны жазылған.
– Бізге, ұлтымыздың дені сау мықты болғаны маңызды. Осы жағына көңіл бөліп, үнемделген қаражаттар болса спорттық базалар салуға, әсіресе ауылдық жерлерде жастар бір мезгіл демалатын спорттық нысандар тұрғызуға жұмсалғаны дұрыс. Ауылдық жерлерде спорттық кешендердің жоқтығы көзге түсіп отыр. Тіпті, халық саны 40000-ға жететін ауылдарда да бірде-бір спорт залы жоқ деп айтуға болады, – – деді депутат.