Күн-Жария

«Біз «шайтанды қууға» лицензия бермейміз». Вице-министр атыраулық емшіге қатысты не деді?

Ондай фактілер болса, тексеру керек.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов кішкентай балалардың «ішінен шайтан шығарамын» деп қинау әдісімен ем жүргізіп жүрген атыраулық емші Кейқуат Оспанов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Jarialike.kz" "Azattyq Rýhy" сайтына сілтеме жасап.

«Кешірім өтінемін, әрине, бірақ біз «шайтан қууға» лицензия бермейміз. Ол өтірік. Ондай фактілер болса, тексеру керек. Бұл сұрақты талқылау қажет. Егер қоғамда бұл мәселе өткір тұрса, министрлік назар аударып, тиісті органдар араласу керек», - деді ол.

Тимур Мұратов осы мәселені денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға міндетті түрде хабарлауға уәде берді.

«Мұны министрге міндетті түрде жеткіземін», - деді ол.