Мәзір
21 қаңтар, 2025 / JariaLike / Өндіріс

Қарағанды облысында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды

Саранның үлгісін шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру үшін басқа қалалар мен аудандарға да таратуға болады.

Қарағанды облысында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды Қарағанды облысында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды
Фото: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шара барысында қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларына, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің басшыларына Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеу керектігі айтылды. Оларға өңірдің мемлекет тарапынан қолдау алған кәсіпорындарына тур ұйымдастырылды.

– Қарағанды облысында бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер көп. Жергілікті кәсіпорындардың нақты әлеуетін көрсету үшін, сондай-ақ мемлекеттің кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіп отырғанын айтып беру үшін осындай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылды, – деп атап өтті кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.

Қатысушылар Saran индустриалды аймағында болып, TengriTyres шина өндірісімен, тұрмыстық техника шығаратын Silk Road Electronics компаниясының және кабельдік өнімдер өндіретін «Қазорталықэлектр провод» кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Ирина Любарскаяның айтуынша, Саранның үлгісін шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру үшін басқа қалалар мен аудандарға да таратуға болады. Мұндай жобаларға инвестиция салуға әзір және жер телімдері бар бизнесмендерге мемлекет жұмыс орындарын құруға қолдау көрсетуге дайын.

Қарағандыда өндірістік турға қатысушылар нан-макарон-кондитерлік комбинатында болып, НКМЗ өнеркәсіптік аймағымен, экологиялық тұрмыстық химия шығаратын WEC Trade кәсіпорнының жұмысымен және Teez маркетплейсінің қызметімен танысты.

Сондай-ақ, қатысушылар семинар-тренингке қатысып, оларға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов өңірдің даму бағыттары туралы айтып, кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жұмыспен қамту мәселелерін сөз етті. Сонымен қатар мемлекет басшысының алға қойған міндеттері, атап айтқанда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін колледждерде дуальді білім беруді енгізу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.

Көп оқылды: