Спорт

Сәкен Бибосынов Ұлттық құрамадан шығып қалды

Оның алдында Қамшыбек Қоңқабаевтың құрамамен қош айтысқанын жазған едік.

Бірақ жағдай көпшілік уайымдағандай тым күрделі емес екен. Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжановтың айтуынша, жарақаты кедергі болған. Денсаулығы түзелсе, әзірлігін жалғастырады.
– Сәкен Азия чемпионаты алдында арқасынан жарақат алды. Сондықтан ол алда болатын оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды, – деді бас бапкер.
Мәлім болғандай, бокстан Ұлттық құрама Испанияға оқу-жаттығу жиынына аттанады. Кейін Болгарияда өтетін дәстүрлі Странджа кубогына қатысады.
Айта кетейік, Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының қола медалін иеленген.