Күн-Жария

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

BAQ.KZ-тің Ақордаға сілтеме жасап ұсынған ақпаратында Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхат арқылы Болу провинциясындағы тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізгені туралы жазылады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияның Болу провинциясында шипажайды шарпыған өрттен 76 адам қаза тапты. Осы оқиғаға қатысты Түркияда бүгін, яғни 22 қаңтарда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.