Жапондық компаниялар қазақ жылқыларына қызығушылық танытып отыр
Екі тарап қылқұйрықтыны экспорттау мәселесін қарастырыпты.
Ресми ақпаратты Inbusiness.kz сайты ұсынды. Соған сүйенсек, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде Жапонияның Қазақстандағы елшілігі жапондық «Sojitz Foods Corporation», «Senko Farm» компаниялары өкілдерімен жүздесті
Кездесудің негізгі тақырыбы – қазақстандық жылқыларды Жапонияға экспорттау мәселелерін, ветеринариялық-санитариялық бақылау мәселелерін қоса алғанда, тірі жылқыларды экспорттау үшін хаттаманы келісу рәсімдерін талқылау.
Қазақстандық тарап ынтымақтастыққа және экспортта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Тараптар жедел ақпарат алмасудың және халықаралық стандарттарды қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.