Спорт

Қарағандылық бұрымды Франциядағы турнирде топ жарды

Ницца қаласында өткен күрес түрлерінен дәстүрлі Анри Деглан турнирі палуан қыздар үшін сәтті аяқталды.
 

Себебі, қоржында бір емес, екі алтын медаль бар. Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданының тумасы Гүлдана Бекеш барлық қарсыласын сенімді ұтты. Ол 59 келіге дейінгі салмақта боз кілемге беттеді.
Ал Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. 
Айта кетейік, Гүлдана былтыр қараша айының соңында Тараз қаласында өткен ел чемпионатында үздік шыққан болатын.