Күн-Жария

Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз көз жұмды

Оның 18 жаста екені мәлім болды, деп хабарлайды сайт тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
 

Мәлім болғандай, қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ресми ақпараттарға сүйенсек, 2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атқан.
- Сарбаз сол жерде қайтыс болды, - делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.