Күн-Жария

Алматыдан 109 шақырым жерде жер сілкінді

Ресми ақпаратқа сенсек, оқиға Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да болды.

Kazinform ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда тіркелді.

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 16 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координаттары: 42.330 ш. б. 76.320 с. е. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 109 шақырым жерде орналасқан, - делінген хабарламада. 
Бұған дейін Сицзандағы 6,8 балдық жер сілкінісінен кейін 3 600-дан астам афтершок тіркелгенін хабарлағанды. Сондай-ақ Жапонияда 6,4 балдық жер сілкінісі болды.