Былтыр Абай облысының 280-нен астам тұрғыны Ресейге көшкен
Арасында Германия, АҚШ елдерін де таңдағандар бар.
Inbusiness.kz дерегінше, 2024 жылы Абай облысының 310 азаматы тұрақты тұру үшін басқа елдерге қоныс аударған.
Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, ең танымал бағыт Ресей болды, оған 284 адам аттанды.
- Германияға 15 азамат кетті, ал АҚШ облыстың 4 тұрғыны үшін жаңа мекенжайға айналды. Грекия, Италия, Қырғызстан және Францияға бір-бірден өтініш қабылданды. Сонымен қатар 3 адам Беларусь елінде тұрақтап қалуды шешті, - делінген хабарламада.