Күн-Жария

Әзербайжандықтардың қаза табуына Ресей кінәлі - Ильхам Әлиев

Біз әділдікті талап етеміз, кінәлілердің жазалануын талап етеміз, толық ашықтық пен адами мінез-құлықты талап етеміз, - деді Әзербайжан Президенті

 

Ұшақ апатынан қаза тапқан экипаждың отбасы мүшелерімен және тірі қалған бортсеріктермен кездесуде  Әзербайжан Президенті осылай деді. 

 – Ақтаудағы ұшақ апатынан Әзербайжан азаматтарының қаза болуына Ресей Федерациясының өкілдері кінәлі деп сеніммен айта аламын. Ал біз әділдікті талап етеміз, кінәлілердің жазалануын талап етеміз, толық ашықтық пен адами мінез-құлықты талап етеміз, - деді Әзербайжан Президенті.

Ильхам Әлиев қазір қара жәшікті тексеру процесі жүріп жатқанын атап өтті.

– Жақын арада біз алдын ала нәтижені білетінімізге сенімдімін және бәрі өз орнына келеді. Трагедияның бүкіл көрінісі белгілі болады. Бұл, әрине, осы трагедияны толық тергеу және ондағы кінәлілерді жазалау ісіндегі маңызды сәт болады, - деді ол.

Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылған болатын.