Күн-Жария

Халықаралық әйелдер бейбітшілік тобы курсын бітірушілерге сертификат тапсыру рәсімін өткізді

PLTE – бұл жаһандық деңгейдегі күшейіп келе жатқан соғыс дағдарысының салдарларын  еңсеруге  арналған IWPG білім беру бағдарламасы

Ағымдағы жылдың 7-ші желтоқсанында Халықаралық әйелдер бейбітшілік тобы (IWPG) 10- Жаhандық регионының директоры Хва-джонг  Ким 6-шы PLTE (Peace Lecturer Training Education) курсын бітіргенін растайтын Сертификаттарды онлайн тапсыру рәсімін өткізді. Іс-шараға Оңтүстік Корея, Жапония, Мексика, Түркия, Үндістан, Қазақстан, Бразилия, Солтүстік Македония және Конго Демократиялық Республикасынан, яғни, 9 елден 200-ден астам әйел қатысты.

PLTE – бұл жаһандық деңгейдегі күшейіп келе жатқан соғыс дағдарысының салдарларын  еңсеруге  арналған IWPG білім беру бағдарламасы. Ол бейбітшілік туралы ақпаратты тарату бойынша кешенді іс-шараларға қатысу арқылы, ананың риясыз сүйіспеншілігі мен әйелдердің бірегей күшін пайдалана отырып, балаларды қақтығыстардан қорғауға бағытталған.

IWPG-дың Қоғаммен байланыс Жөніндегі Елшісі, Түркияның Мәдениет және Туризм Министрлігінің қызмет көрсету департаментінің  Бас директоры Санем Арикан құттықтау сөзінде өз тәжірибесімен бөлісті.  Ол: "PLTE бағдарламасын аяқтағаннан кейін мен бірден әртүрлі салаларда бейбіт бастамаларды жүзеге асыруға кірістім. Бұл курстың барлық түлектері бейбіт білім алу арқылы бейбітшілік жолында үлкен жетістіктерге жетеді деп шын жүректен үміттенемін”, -  деді.

            PLTE курсының түлегі Чхве Сун Ми былай деді: "Мен бейбітшілік рухында тәрбиелеу бағдарламасын оқу барысында әскердегі  ұлым туралы жиі  ойлайтынмын. Бейбітшілік үшін жүрегіміз бен санамызды біріктірейік. Мен "Отбасылық Бейбітшілік заңын" өзім қолданамын және айналамдағыларды да солай етуге шақырамын”.

Мексикалық Мария Фернанда Моралес өз ойларымен бөлісіп: "Әйелдер ретінде бірегей көзқарастарымыз бен қабілеттеріміздің арқасында біз жаһандық мәселелерді жан-жақты шешуге жетекшілік ете аламыз. Бейбітшілік пен тұрақтылық шындыққа айналатын әлем үшін бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана біз шынымен түрлендіруші болашақты құра аламыз”, - деді.

WPG 10- Жаhандық регионының директоры Хва-джонг  Ким  ұжымдық іс-әрекеттің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөзін: "IWPG PLTE оқытуы соғыстың қасіреті  мен бейбітшіліктің құндылығы туралы хабардарлықты арттыруға тырысады. Алайда, біздің мақсатымыз – бейбітшілік туралы айту ғана емес, оған қол жеткізу, өйткені әйелдер бүкіл әлем бойынша бірігіп қана болашақ ұрпаққа лайықты мұра қалдыра алады. Бейбітшілік үшін не істей алатыныңыз туралы ойланыңыздар және соған сәйкес әрекет ету үшін ынтымақтасыңыздар”, - деп аяқтады.

Бұл іс-шараның екінші бөлімінде IWPG Бейбітшілік Комитетінің Қазақстандағы Өкілі болып Сәуле Хожамуратова тағайындалды. Ол Елі және өзіне көрсеткен жоғары сенім  үшін шын жүректен алғыс білдіріп: "IWPG Халықаралық әйелдер бейбітшілік тобының дүниежүзілік бітімгершілік қызметі Қазақстанның бейбітшіл саясатына тұспа-тұс келеді”, - деп өз сөзін аяқтады.

Одан соң IWPG және мексикалық Creadoras de Futuro A. C. ұйымымен бірлескен бейбітшілік тәжірибесін ілгерілету мақсатында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

IWPG бүкіл әлем бойынша әйелдердің бейбітшілік білімін кеңейтуді жәнетұрақтыбейбітшілікке қол жеткізу үшін ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, IWPG – Біріккен  Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде (ECOSOC) және Жаһандық Коммуникациялар Департаментінде (DGC) тіркелген үкіметтік емес жаһандық әйелдер ұйымы. Оның 122 елде 114 филиалы және 66 елде 730-дан астам ұйыммен серіктестігі бар. IWPG тұрақты жаһандық бейбітшілікті орнату мақсатында жұмыс істейді. Оның бастамалары ынтымақтастықты таратуға, бейбітшілік мәдениетін насихаттауға және Соғысты тоқтату туралы Декларацияны (DPCW) заңды күші бар халықаралық құралға айналдыруға бағытталған.