Мәзір
4 желтоқсан, 2024 / JariaLike / Күн-Жария

Қазақстанға миллионер керек. Іздеу жұмыстары жалғасады

Қаржылық мониторинг агенттігі пікір білдірді  

Қазақстанға миллионер керек. Іздеу жұмыстары жалғасады Қазақстанға миллионер керек. Іздеу жұмыстары жалғасады
Х /kyivcity_net

Қазақстан украиналық миллионер Вадим Машуровты әлі іздестіруде. Бұл жайында Kazinform.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне ресми сауал жолдаған. ҚМА жауабы мынадай. 

— Алматы қалалық экономикалық қылмыстарды тергеу департаментінде Машуров Вадим Вадимовичке қатысты ҚР Қылмыстық кодесінің 217-бабы 3-тармағы 2-тармақшасы (Қаржылық (инвестициялық), яғни қаржы пирамиданы құру, тартылған қаражатты қабылданған мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк қызметке пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзгенің мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен баю арқылы осы активтердi тартудан табыс алу (мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi қызметті ұйымдастыру) бойынша іс бар, — деп мәлім етті ведомстводан.

Айта кетейік, мұндай қылмыс жасағаны дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзімге, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еліміздің құқықтық статистика және арнаулы есепке алу органының порталында Вадим Машуров 1997 жылы дүниеге келгені, 343 күннен беру іздеуде екендігі айтылады. Іс 2023 жылдың 28 желтоқсанында Алматыда тіркелген.

Еске салсақ, жыл басынан бері Қаржы мониторингі агенттігі 20 млрд теңгеге жуық шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеді

Көп оқылды: