Путин Қазақстанды орыс тілді мемлекет деп атады
«Біздің қарым-қатынасымызды бұзатын қадамдарды жасамау керек», - деді Ресей басшысы.
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды іс жүзінде орыс тілді мемлекет деп атады, деп хабарлайды Jarialike.kz.
«Қазақстан іс жүзінде орыс тілді мемлекет. Оны сіздер де сезген шығарсыздар (журналистерге – авт.) Өкінішке қарай, әр нәрсені қалай істеу керектігін өзінше білетін адамдар бар. Болып жатқан процестерге сын айтады. Ресейдің де, Қазақстанның да қоғамында. Бұл позиция, сын екі мемлекеттің мүдделеріне сай келе бермейді. Олар әрдайым пайдалы бола бермейді. Меніңше, сол үшін байланысты күшейте беру керек. Біздің қарым-қатынасымызды бұзатын қадамдарды жасамау керек», - деді Путин.
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Путин бүгін ҰҚШҰ отырысына да қатысқан.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды.