Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас Хатшысы Сергей Лебедев пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин Астанада 28 қарашада өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитіне қатысуға шақырту алды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Оның мәліметінше, шараға Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов қатысады.
Хабарламада Армения өкілдерінің есімдері аталған жоқ. Бұған дейін Армения СІМ баспасөз хатшысы Ани Бадалян Арменпресс агенттігіне елдің Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Қорғаныс министрлері кеңесінің, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатыспайтынын мәлімдеген болатын.
«Сессия барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сонымен қатар ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасының басымдықтарын орындау жөніндегі шараларды іске асыру барысын талқылау жоспарланып отыр», — деп атап өтті Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Президенттің шақыруымен Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні хабарланды.
Фото: Ақорда