Қазақстан орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық ұйымға 131 млн теңге бөледі
20 қарашада Мәжілісте министр Саясат Нұрбек ұйымды құру үшін бюджеттен жылына 43 млн теңге бөлінетінін айқан еді
Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы шартты іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінбек. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында Сенат депутат Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Бұл бағытта 2025-2027 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жалпы сомасы 131 064 000 теңгені құрайды. Бұл шығындар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған.
Андрей Лукиннің айтуынша, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан достық, тату көршілік, ұлтаралық келісім, сенім және өзара түсіністік қағидаттары негізінде орыс тілін мемлекетаралық қарым-қатынас тілі және коммуникация құралы ретінде қолдау және ілгерілету үшін орыс тілі ұйымын құрғысы келеді.
Жауапты мемлекеттік орган болып Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітілген. 20 қарашада Мәжілісте министр Саясат Нұрбек ұйымды құру үшін бюджеттен жылына 43 млн теңге бөлінетінін айтқан еді.
Қазіргі таңда дүние жүзінде 200 миллионнан астам адам орыс тілінде сөйлейді. Қолданыс тілі бойынша 8-орында тұр. Халықаралық ұйымдарда қолданылуы бойынша алтыншы орынға ие. Бірнеше ірі халықаралық ұйымдардың жұмыс тілі болып саналады. Ұйымның штаб-пәтері Сочи қаласында орналасатын болады. Үш сатылы басқару механизмі болады. Жоғарысында министрлік конференция, оған біздің министрлік, мен өзім де кіретін боламын. Сосын біз министрлермен ұжымдық шешім қабылдап, басқарушы кеңесті тағайындайтын боламыз және хатшылық та болады. Бұл жылына шамамен 43 млн теңге. Республикалық бюджеттен бөлінеді, - деді Саясат Нұрбек.