Жанқош Тұраров Әнарудан басқа да қыздарды зорлаған. Адвокат тың дерек айтты
«Боксшы Жанқош Тұраров 6 жыл бойы зорлады» деп мәлімдеген Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова жазба жариялады. Ол жазбасында Тұраровтың Әнарудан да басқа қыздарды зорлағанын, тіпті баласы бар екенін жайып салды. Төменде құқық қорғаушының жазбасын толықтай беріп отырмыз.
«Жанқош Тұраровқа қатысты іс бойынша жәбірленуші Әнару Қалдыбекқызының ресми қорғаушысымын.
Қазір Алматыдамын. Іс бойынша шиеленіскен жайттар өте көп. Әзірге біразына тоқтала кетейін.
Әнаруға бұндай қадамға бару оңайға соқпаған. Қыз қатты күйзелісте жүргендіктен, сұқбатта ойын жинақтай алмай, көп нәрсені айта алмаған. Өзіне бүкіл әлем түсінбей, қарсы болатындай, тіпті суицид жасардың алдында айтып кетем
деген ой болған сияқты. Дегенмен мықты екен. Буллингке қарсы тұрудың өзі мықтылық қой. Қазір Сіздердің қолдауларыңызды сезініп, өзіне келе бастады. Көңіл-күйі де жақсарып, ашыла бастады.
Ал 2018 -жылдан бері неге арыз бермеген деп, пәлен-түген, отбасылы еркекпен байланысарда ойланбай ма, бірдеңе деп жатқандар төмендегі мәліметтерге назар аударуларыңызды сұраймын:
Әнару Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 -жылы Алмалы аудандық полиция бөліміне арыз берген екен. Бір күн қамауда ұстап, арызын қабылдамай, жіберген. Ол жолы оперлар ұрып-соқпаған(!) Қамап, босатып жіберген. Куә болған құрбысы бар. Қажет болса, тергеуге де, сотқа да барып, куәлік ете алам деп отыр. Бұл бір.
Екінші рет, 2023 жылы жәбірленуші Тұраровқа қарым-қатынасты тоқтататынын айтып, енді жайына қалдырмаса, үстінен арыз жазатынын айтқан. Артынша көшеде Әнаруды полицейлер ұстап, машинаға салып, Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне алып келіп, бірнеше сағат ұрып-соғып, электрошокермен күйдіріп, қинаған. Себеп-салдарын айтпаған. Не болғанын да түсінбеген Әнару Қалдыбекқызы ұрып-соққан полиция қызметкерінің үстінен арыз түсірген. Іс сол күйі жабылып кеткен. (!) Қайта арызданатын боламыз.
Қаңтарда үтікпен күйдірген, қайнаған су құйып азаптаған жасаған полицияға қыз балаға бұндай жауыздық жасау түк тұрмаса керек. Үйреншікті әдістері ғой. Екі оқиғаның бір-біріне қатысы бар ма, әлде кездейсоқтық па, нақты дәлеліміз жоқ..Бірақ ішкі түйсікке бұл оқиғалардың бәрінің бір-біріне байланысы бардай сезіледі..(төменде Әнарудың арызы мен көгала қойдай денесінің фотоларын салдым)
Аталған оқиғаларға қатысты тиісті мекемелерге ресми адвокаттық сауалдар жолдап жатырмын. Жауаптарын осында жариялап отырамын.
Астанадағы тәуелсіз сот сараптама орталығының нұсқауымен ертең тәуелсіз сарапшылар мен дәрігерлердің қарауына жазылып қойдық. Өз бетімізше де тексеріліп, мамандардың қорытындысын алатын боп, шештік.
Тағы бір айта кететін жайт- Тұраровтың адвокатының айтқан арыз жазуға жәбірленуші мас боп келіп, киімін жыртып, бейәдеп қылықтар көрсетті деген уәжі бойынша айтарымыз:
Сол күні арыз жазатынын Тұраровтың әйелі білген. Әнаруды арыз жазуға итермелеген тағы бір жағдай - боксердың әйелінің қорлаған сөздері. Екеуінің перепискасы бар. Мұнда сала алмаймын, тергеуге, сотқа дәлел ретінде өткіземіз. Әуезов аудандық полиция бөліміне келгенде, Әнарудың алдынан екі қыз шығып, “сен ба, Жанқоштың үстінен арыз жазбақшы боп жатқан шалава?”-деп, провокация жасап, футболкасын жыртып, видеоға түсіріп алған. Ол екі қызды полиция қызметкерлері қарсы алғанын көргендер де бар. Соған қарағанда, бұл да ұйымдастырылған нәрсе деп топшылаймын.
Енді тағы бір шокирующий жаңалық айтайын:
Жанқош Тұраров 2014 жылы тағы бір қызды қонақ үйге апарып, сусынға дәрі қосып беріп, арам ойын жүзеге асырған екен. Ол қыздың боксердан бір қызы бар боп шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда орын алған. Келіншектің өзі шықты бізге. Барлық жағдайын айтып, Әнаруға қолдау білдірді.
Бұдан бөлек, 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін әзірге анықтай алмадық..
Суретте: Әнаруды Жетісу ауд.полиция бөлімінде ұрып-соққан фотолар мен арызы..Видеолар да бар. Оларды да қажет болса, саламыз. Әзірге осымен тоқтала тұрайын. Біраз мағлұматтарды тергеу аяқталғанша, жариялай алмауым да мүмкін. Тергеу құпиясын білесіздер. Алдағы уақыттарда баспасөз конференциясын өткізетін шығармыз. Әзірге сұқбат, бағдарламаларға шақырудан бас тарта тұруға тура келіп тұр. Түсіністікпен қарайды деп сенеміз! Жанашырлық танытып, қыз тағдырына бей-жай қарамай, жақсы лебіз білдіріп жатқан өздеріңізге, көмек қолын созып жатқан журналистерге, Әнарудың құрбы, достарына мың алғыс!
Ләззат АХАТОВА, заңгер.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен және заңгердің парақшасынан алынды.