800 мың бала екпе алмаған
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният балаларға қызылша ауруына қарсы екпе салу шарасына қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
«Әзірге жоспарда жоқ. Мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бүгінде 800 мың бала екпе алмаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер медициналық қарсы көрсетілімдер болса, вакцинадан бас тартуға болады», - деп жауап берді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, медициналық тұрғыдан тыйым салынбаған азаматтар мен балалардың ата-аналарды қызылшаға қарсы екпе алуға кеңес берді.
«Бүгінде вакцина алуы тиіс балалардың ата-аналарымен жұмыс істеудеміз», - дейді ведомство басшысы.