Мәзір
18 қазан, 2024 / JariaLike / Денсаулық

«Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмекті тегін алыңыз

«Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмекті тегін алыңыз «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмекті тегін алыңыз
Ашық дереккөзі

Бүгін Астана қаласының екі емханасында пациенттерге QR-код арқылы «Әлеуметтік әмиян» бөлімінде ( eGov Mobile қосымшасы) тегін дәрілік заттарды беру механизмі көрсетілді.

«Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық түрде беру жөніндегі пилоттық жобаға ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады, 93 мың рецепт негізінде препараттар берілген.

№4 қалалық емханада он жылдан бері диспансерлік есепте «Қант диабеті»диагнозы қойылған пациент тек жеке QR кодын (ваучер) көрсетіп, дәрі-дәрмектерін мейіргерден тікелей алды.

Осылайша, енді азаматқа қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, мейіргер кезексіз қажетті препаратты өз бетінше бере алады.

Егде жастағы тұрғындар немесе «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін пациенттің қолына тиісті дәрілік заттар беріледі.

Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша кеңейтілетін болады.

«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.

«Әлеуметтік әмиян» қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет.

Азамат дәрілік заттарды алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе тіркеу бұрын жүргізілген болса, сәйкестендіруден өтуі тиіс. Әрі қарай, азамат басты бетте «Әлеуметтік әмиян»бөліміне кіріп, «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» жолын таңдайды.

Көп оқылды: