ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Ерлан Орынбаевтың ұсталғанын растады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Ерлан Орынбаевтың ұсталғанын растады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.
ҰҚК мәліметінше, күдіктілер 11 қарашада ұсталған. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жемқорлыққа қарсы жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.