Күн-Жария

Эксклюзив: Мұхтар Шахановтың ұрпағы Ұлттық арнаға сұхбат берді

Ақынның 34 жыл отасқан жары Ханшайым Шаханова мен келіні Жаңагүл Өмірбекова немерелерімен бірге студия қонағы болды

Кеше «Таңшолпан» бағдарламасының төрінде көрнекті ақын, жазушы Мұхтар Шахановтың отбасы алғаш рет сұхбат берді.

Ақынның 34 жыл отасқан жары Ханшайым Шаханова мен келіні Жаңагүл Өмірбекова немерелерімен бірге студия қонағы болды.

Сұхбат барысында немерелері атасымен байланысты жүрек төрінде сақталған естеліктерін айтып, көпшілік біле бермейтін қырларын бөлісті.

Жылы естеліктерге толы сұхбаттың толық нұсқасын «Qazaqstan TV» YouTube арнасынан көре аласыз.