Арнольд Шварценеггердің ұлы бодибилдинг турнирінде үздік бестікке енді
Голливуд актері әрі бодибилдинг аңызы Арнольд Шварценеггердің ұлы Джозеф Баэна кәсіби бодибилдингтегі алғашқы жарысында бесінші орын алды.
Арнольд Шварценеггердің 29 жастағы ұлы Джозеф Баэна бодибилдингтен өткен халықаралық турнирде үздік бестікке енді.
Ол 7 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Эль-Сегундо қаласында өткен INBA PNBA Pro/Am World Cup жарысына қатысты. Джозеф Classic Physique Open санатында өнер көрсетіп, бесінші орын иеленді.
Бұл – оның Professional Natural Bodybuilding Association (PNBA) ұйымы аясындағы алғашқы кәсіби жарысы. Сонымен қатар, бодибилдинг сахнасына шыққалы бергі үшінші турнирі.
Джозеф Баэна әлеуметтік желідегі жазбасында нәтижесіне көңілі толатынын айтып, жарыс алдындағы басты мақсаты үздік бестікке кіру болғанын жеткізді. Сондай-ақ ол алдыңғы жарыспен салыстырғанда физикалық дайындығын жақсартқанын атап өтті.
Айта кетейік, Джозеф бодибилдингтегі алғашқы жарысына 2026 жылдың наурызында қатысып, бірнеше санат бойынша бірінші орын алған. Ал сәуір айында INBA Iron Gladiator турнирінде жеңіске жетіп, кәсіби спортшы мәртебесін беретін картаны иеленген.
Оның әкесі Арнольд Шварценеггер бодибилдинг тарихындағы әйгілі спортшылардың бірі. Ол «Mr. Olympia» атағын жеті рет жеңіп алған.
Деп хабарлайды Jarialike.kz шетелдік People басылымына сілтеме жасап.