Күн-Жария

Астанада келесі жылы жаңа әуежайдың құрылысы басталады

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. 

Астанада жаңа әуежай салынады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатқанын еске салып өтті.

"Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз", - деді Президент.