Күн-Жария

Astana Media Week 2026 аясында мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Жеңімпаздарға марапаттарды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров табыстады.

Astana Media Week 2026 медиа апталығы аясында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды.

«Үздік баспасөз қызметі» аталымында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мен Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі үздік деп танылды.

Ал «Үздік баспасөз хатшысы» аталымының жүлдесін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айнаш Қойшыбаева мен Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова иеленді.

Жеңімпаздарға марапаттарды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров табыстады.