Рэпер Navai есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынды
13 қазанда NAVAI Қазақстанға «Қордай» өткізу бекеті арқылы кірген кезде ұсталған еді.
Рэпер NAVAI есірткіге қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынды.
Сот әнші Наваи Бакировті екі айға қамауда ұстау туралы шешім қабылдады. Оған қатысты есірткі контрабандасы және заңсыз сақтау баптары бойынша тергеу жүріп жатыр.
13 қазанда NAVAI Қазақстанға «Қордай» өткізу бекеті арқылы кірген кезде ұсталған еді. Көлігін тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленген.
Рэпердің 14 қазанда Астанада өтуі жоспарланған концерті белгісіз мерзімге шегерілді.