Кітапхана

Ішкі мотивация теориясы

Психологиялық құбылыс ретіндегі ішкі мотивация

Қызметкер өзіне жүктелген тапсырманы орындап жатқанда, біз одан: «Оны жұмыс істеуге не итермелейді?» – деп сұрап көреміз бе? Шамасы, жоқ. Біз оған белгілі бір істі тапсырамыз; егер ол орындаса – жақсы, ал орындамаса – сыйақы немесе жаза (көбінесе соңғысы) уәде етеміз. Өміріміз бойы біз мынадай сөздерді жиі естиміз: «Мына өлеңді жаттасаң, екі порция балмұздақ аласың», «Үй тапсырмасын орындамасаң, достарыңмен кездесуге бара алмайсың», «Мектепті «үштіксіз» бітірсең, саған скутер алып береміз», «Емтиханнан құласаң, теңіз жағалауына демалысқа бармайсың», «Диссертацияңды қорғамасаң, қызметте жоғарыламайсың», «Сату көлемін арттырсаң, жалақың өседі»...