Кітапхана

Ежелгі Грекияның мифтері мен аңыздары

Адамдардың руы бар, құдайлардың тайпасы,

Кіндігіміз тараған бір анадан

Адамдарда амал бар, құдайларда құдырет

Адам соқыр, ал аспан көз ілмей қараған...

Дегенмен, бізді де көктегілердің қатарына көтеретін бір күш бар — ол мейлі құдіретті рух немесе табиғат күші болсын — әйткенмен, тағдырдың күндіз де, түнде де бізге белгілеп берген жолының шегін білмейміз.

Әлем мен құдайлардың пайда болуы

Бастапқыда тек мәңгілік, шексіз әрі қараңғы Хаос қана болған.